«SENIM» денсаулық сақтау жүйесі жұмыскерлерінің салалық кәсіптік одағы» РҚБ-нің Атырау облыстық филиалы медицина мамандарына қолдау көрсетті

«SENIM» денсаулық сақтау жүйесі жұмыскерлерінің салалық кәсіптік одағы» РҚБ-нің Атырау облыстық филиалы медицина мамандарына қолдау көрсетті. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының жаңа COVID -19 короновирусын пандемия деп жариялануына байланысты, облыстың медицина қызметкерлеріне қолдау көрсету мақсатында ауруханаларға түскен және емханаларга келуші науқастарды тексеру үшін, қажетті құрал- жабдықтар, оның ішінде инфракрасный термометр, сондай -ақ бір реттік және көп реттік қорғанушы костюмдермен,маскалармен қамтамасыз етуде. Сондай -ақ облыстық филиал қауіпті дерттің таралған күннен бастап карантиндик ауруханаларга көмек ретінде қажетті заттарымен қамтамасыз етіп отырды. Аты жаман індеттің күнбе-күн азаймауына байланысты, тағы да қол ұшымызды созып,көмек көрсету міндеттіміз деп білемиз.