ЗАРДАП ШЕККЕНДЕРГЕ – КӨМЕК

«Senim» Денсаулық сақтау жүйесі жұмыскерлерінің салалық кәсіптік одағы» республикалық қоғамдық бірлестігі Атырау облыстық филиалының атқару комитетінің кезекті отырысында Қостанай облысындағы өрттен жапа шеккен тұрғындарға қаржылай көмек көрсету туралы шешім қабылданды.

«Денсаулық сақшылары салалық кәсіподағының облыстық филиал атынан қызыл жалын құрсауынан құтқарылған адамды материалдық қолдау мақсатында арнайы есеп-шотқа 100 мың теңге қаржы аударды» — дейді «Senim» Денсаулық сақтау жүйесі жұмыскерлерінің салалық кәсіптік одағы» республикалық қоғамдық бірлестігі Атырау облыстық филиалының төрағасы Майра Кашкенова.