МІНДЕТТЕР БЕЛГІЛЕНДІ.

Кәсіподақтар үйінің мәжіліс залында «SENІM» Денсаулық сақтау жүйесі жұмыскерлері салалық кәсіптік одағы» республикалық қоғамдық бірлестігі Атырау облыстық филиалы аймақтың емдеу-сауықтыру мекемелері бастауыш кәсіподақ ұйымдары төрағаларының қатысымен жиын өткізді. Онда облыстық филиал төрағасы Майра Тұрланқызы әріптестеріне бастауыш ұйымдар бойынша биылғы жылы атқарылған жұмыстарының қорытындысы мен түрлі шараларды ұйымдастыруға жұмсалған мүшелік жарна қаражатының есебін дайындау жиналыстарда көпшілікке жария ету міндетін қойды. Ол Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі күні мен Жаңа жыл мерекесін арналған мәдени-көпшілік шаралар ұйымдастыру, сонымен қатар денсаулық сақтау мекемелерінде жұмыс берушілермен арадағы мерзімі аяқталатын Ұжымдық шарт қабылдау, қызметкерлерінің еңбек қатынастары, оның ішінде еңбекті нормалау және ұйымдастыру, тиесілі еңбек ақыны уақтылы алу, еңбекті қорғау мен қауіпсіздігін сақтау мәселелерін тілге тиек етті.

Басқосуда қаладағы №1 емхана, облыстық онкологиялық диспансер және Исатай аудандық ауруханасы бастауыш кәсіподақ ұйымдарының төрағалары Айқияш Шунаева, Маржан Испергенова, Азамат Халел сөйлеп, өздерінің ой-пікірлерімен бөлісті.