ЖЫЛЫОЙЛЫҚТАРМЕН ЖҮЗДЕСУ

2024жылдың 10-шы желтоқсанында «SENІM» Денсаулық сақтау жүйесі жұмыскерлері салалық кәсіптік одағы» республикалық қоғамдық бірлестігі Атырау облыстық филиалының жетекшісі Майра Кашкенова Жылыой аудандық ауруханасы бастауыш кәсіподақ ұйымы мүшелерімен кездесті. Онда 2024 жылы филиал арқылы аудандық аурухана ұжымына көрсетілген қолдау-көмектің есебі жария болды.

Филиал төрағасы көп балалы сала мамандары мен орта буын қызметкерлердің әлеуметтік жағдайына байланысты мемлекеттік және ұлттық мейрамдар мен кәсіби мерекелерге орай 25 мың мен 300 мың теңге аралығында материалдық көмектер көрсетілгендігі, кәсіподақтағы белсенді қызметі үшін түрлі деңгейдегі марапаттарға ие болғандығы баяндалды. Жиын барысында әріптестер тарапынан қойылған сауалдарға тиісті жауаптар берілді.