Мерекелік жиында марапатталды

Бүгін Кәсіподақтар үйінің мәжіліс залында «Senім» Денсаулық сақтау жүйесі жұмыскерлерінің салалық кәсіптік одағы» республикалық қоғамдық бірлестігі Атырау облыстық филиалының ұйымдастыруымен «16-Желтоқсан оқиғасын еске алу күніне» орай жиын өтті.

Жиынға қатысушылар Тәуелсіздік күні тарихын, маңызын, мақсатын өзара пікір алмасып, бөлісті. Сонымен қатар жиынға қатысушы медицина саласындағы кәсіби шеберлігі мен халық денсаулығын қорғаудағы ерен еңбегі және әлеуметтік әріптестікті нығайтудағы белсенділіктері үшін бір топ денсаулық сақтау саласының озаттары мен өз ісінің шеберлерін марапаттау рәсіміне арналды. Филиал төрағасы Майра Кашкенова республикалық қоғамдық бірлестіктің «Үздігі» төсбелгісімен облыстық психикалық денсаулық орталығының медстатисі Гүлмира Ғаббасованы, Геолог емханасының хирург травматолог-ортопед дәрігері Куаныш Бегалиевті, «Құрмет грамотасымен», «Алғыс хатымен» перинаталдық орталығының акушер-гинекологы Дастан Закаринді, «Сәлімжан» ЖШС-нің медбикесі Айгүл Журекованы, Атырау қалалық емханасының акушер-гинекологы Нейля Сакипованы, мамандандырылған балалар үйінің педагогикалық психологы. Гүлжан Мажитованы, №4 Атырау қалалық емханасының аға медбикесі Райгүл Қарабасованы және басқалары марапаттады.