«10 қазан – Кәсіподақтар күні»

«Senім» Денсаулық сақтау жүйесі жұмыскерлерінің салалық кәсіптік одағы Республикалық қоғамдық бірлестігінің Атырау облыстық филиалы, Геолог емханасының бастауыш кәсіподақ ұйымының мүшесі Атырау облысы Геолог емханасында қызметке көп жылдар бойы еңбегін сіңірген жоғары санатты дәрігер емхананың жалпы тәжірибе дәрігері саласында жемісті еңбек етіп, халықтың алғысына бөленіп жүрген Ботанова Гулдария Абдулха-ховна өнегелі істері төңірегінде сөз қозғағанды жөн көрдік. Осындай мерекелі күнде өз мамандығының тамаша иегері жайлы азырақ сыр шерте кетсек.

Елімізде «10 қазан – Кәсіподақтар күні» мерекесі болып белгіленгені мәлім. Мерекенің негізгі мақсаты–жастар арасында еңбекті насихаттау мен жұмысшы әулеттерінің көпжылдық дәстүрлерін нығайту болып табылады.

Бұл ретте дәрігерлер үнемі білімін жетілдіріп, ізденіс үстінде болып, өз саласында ем жүргізудің барлық тәсілдерін жетік меңгеруі тиіс. Осы орайда, көпшілікке белгілі дәрігер, медицина саласының ардагері, 30 жылдан астам еңбегі бар.

Гулдария Абдулха-ховна 1964 жылы Жылыой ауданы Мұнайлы селосында дүниеге келген. Гулдария Абдулха-ховна 1971 жылы Новостроительный орта мектебі табалдырығын аттаған, 1981 жылы Ақтөбе мемлекеттік медицина институтына оқуға түсіп, 1987 жылы тәмамдаған.

Ақтөбе мемлекеттік медицина институтының түлегі еңбек жолын 1987-1988 жылы Атырау облыстық ауруханасының 1 жылдық интернатурасын «Терапевт» мамандығы бойынша өтті. 1988 жылы Ембі селолық дәрігерлік амбулаториясында меңгерушісі қызметінен бастаған.1994 жылдан бастап Геолог дәрігерлік амбулаториясында учаскелік дәрігер қызмет атқарып келді. 2015 жылдың қазан айынан бастап, ШЖҚ КМК «Геолог емханасының» отбасы денсаулық орталығы меңгерушісі қызметіне тағайындалған. Қазіргі уақытта учаскелік жалпы тәжірибе дәрігері ретінде қызмет атқарады. Тәжірибелі маман, ізінен ерген жас мамандардың ақылшысы болған Гулдария Абдулха-ховна, халыққа аянбай еңбек етуде. Халқына танымал дәрігер, жоғары санатты маман 2017 жылы Облыс әімдігінің «Алғыс хат» пен марапаталды. 2019 жылы Денсаулық сақтау саласына қосқан үлесі үшін «Төс белгі» мен марапатталды. Сонымен қатар, Облыстық денсаулық сақтау басқармасы, Геолог емханасының әкімшілігі тарапынан берілген алғыс хаттардың иегері.

Міндетті жұмысын іскерлікпен мұқият атқаратын, мамандығына шын берілген дәрігер. Күні – түні уақытпен санаспай халыққа медициналық қызмет көрсетуге әзір. Қызмет атқарып келген уақытта өзін білгір маман ретінде көрсете білді. Кейінгі буындарға қашанда ақыл – кеңесін аямайды. Ұжымда да беделі зор, ауыл халқының алғысына бөленген.

Көп жылдар бойынша ауыл тұрғындарына мамандандырылған медициналық көмек көрсетудегі ерен еңбегі, медициналық қызметтің сапасын арттыруға қосқан зор үлесі үшін, денсаулығын сақтау жолындағы атқарған еңбегі зор.