№2 облыстық ауруханасы жаңа жылдық кеш ұйымдастырды

« Senim » Денсаулық сақтау  жүйесі жұмыскерлерінің салалық кәсіптік одағы Республикалық қоғамдық бірлестігі Атырау облыстық филиалы, №2 облыстық ауруханасы бастауыш кәсіподақ ұйымы балаларға арнап жаңа жылдық кеш ұйымдастырды.Шара барысында балаларға арнайы аниматорлар,музыканттар шақыртылып,арнайы дайындалған  аяз ата сыйлықтары таратылып, балалар мәз болып,шыршаны айналып өлең айтып,өздерінің өнерлерін көрсетті.