22 Наурыз

«Senім» Денсаулық сақтау жүйесі жұмыскерлерінің салалық кәсіптік одағы Республикалы қоғамдық бірлестігінің Атырау облыстық филиалы 2021жылдың 16-шы наурызында «Қош келдің, әз наурыз» атты мерекелік шара өткізді. Шара барысында бір топ кәсіподақ мүшелері Облыстық маслихаттың «Алғыс хаты», Атырау облысы аумақтық кәсіподақтар орталығының «Алғыс хаты» және облыстық филиалдың «Алғыс хатымен» бір топ кәсіподақ мүшелері ұлғыланды. Сонымен қатар «Senim» денсаулық сақтау жүйесі жұмыскерлерінің салалық кәсіподағы Республикалық қоғамдық бірлестігінің «Үздігі» төс белгісімен Облыстық фтизиопулмогология

орталығының балалар бөлімінің меңгерушісі Шуакбаев Марат Тұрланұлы-Атырау облыстық фтизиопульмонология орталығының балалар бөлімінің меңгерушісі,кәсіподақ мүшесі, Облыстық психикалық денсаулық орталығының ақпараттың аналитикалық талдау орталығының меңгерушісі, бастауыш кәсіподақ ұйымының төрағасы Страмоусова Светлана Владимировна марапатталды. Орталықтың «Құрмет грамотасымен» және «Алғыс хатымен» бір топ кәсіподақ мүшелері марапатталды.

«Senim» денсаулық сақтау жүйесі жұмыскерлерінің салалық кәсіподағы ішінде осал топтағы көп балалы отбасылары мен мүгедек бала тәрбиелеп отырған отбасыларына барынша әлеуметтік қолдаулар көрсетіліп, «Senim» Денсаулық сақтау жүйесі жұмыскерлерінің салалық кәсіподағы Республикалық қоғамдық бірлестігінің атырау облыстық филиалының 2021 жылдың 15 наурызында өткен Атқару кеңесінің № 5 хаттамасымен бір топ кәсіподақ мүшелеріне қайырымдылық қаржылай 12 сертификаттары табысталды.

Сонымен қатар Денсаулық сақтау жүйесі жұмыскерлерінің салалық кәсіподағы Республикалық қоғамдық бірлестігі Атырау облыстық филиалы әлеуметтік қолдау көрсету мақсатында бір топ кәсіподақ мүшелеріне мерекелік азық-түлік кәрзеңкесіне сертификаттарды 30 емдеу –сауықтыру мекемелерінің кәсіподақ мүшелеріне берілді.