«7-мамыр Отан қорғаушылар күнімен» құттықтаймыз!

Құрметті әріптестер!

Сізді және сіз басқарып отырған ұжымның ер азаматтарын тәуелсіз мемлекетіміздің айбынды мерекесі «7-мамыр Отан қорғаушылар күнімен» құттықтаймын!

Бұл мереке әр кезде де батылдық пен ерліктің, қаһармандық пен елдіктің нышаны, Отанға деген сүйіспеншілік пен адалдықтың өлшемі, ал құрметті азаматтар, болашақ ұрпақтар үшін, егемен еліміздің тәуелсіздігін қоғаушылардың бәрі үшін жарқын үлгі болып қала берері сөзсіз.

Аға ұрпақ пен жас буынның Отанымызды қорғап, қызметте айтулы үлес қосқанын біз әрқашанда мақтан тұтамыз. Еліміздің денсаулық сақтау саласына қосқан үлестеріңіз үшін қызметтеріңізге табыс, отбасыларыңызға амандық, дендеріңізге саулық, мол бақыт және бейбіт ғұмыр тілеймін.

 

« Senim » Денсаулық сақтау жүйесі

жұмыскерлерінің салалық кәсіптік

одағы РҚБ Атырау облыстық

филиалы төрайымы                                                                       М.Кашкенова