Атырау облысында коронавирустық инфекцияның эпидемиологиялық жағдайы бойынша бринфинг өткізілді

Департамент басшысы өз сөзінде Атырау облысында  коронавирустық инфекциясының 3 жағдайы тіркелгенін, науқаспен қарым-қатынаста болғандар оқшауланып медициналық бақылауға алынғанын айтты.

Сондай-ақ, коронавирустық инфекция анықталған ошақта кешенді эпидемияға қарсы іс-шаралар атқарылып, қорытынды залалсыздандыру жұмыстары толық жүргізілді.

Үш науқастың қазіргі жағдайы тұрақты, коронавирустық инфекциясының диагностикасымен мен емі бекітілген хаттамаға сәйкес терапия жүргізілуде.

Жиын соңында Атырау қаласының  тұрғындарына жеке гигиенаны сақтауға (жуу және антисептикалық құралдарды пайдалану), үй карантинін сақтауға (өзін-өзі оқшаулау) және ауру белгілері пайда болған жағдайда жедел медициналық көмек қызметі 103 шақыру қажеттілігі айтылды.