Манкент,Жанақорған

« Senim » Денсаулық сақтау жүйесі жұмыскерлерінің салалық кәсіптік одағы РҚБ Атырау облыстық филиалы 2018жылдың 3 мамырыннан бастап жаңадан құрылып, филиал төрағасы Майра Тұрланқызы Кашкенова сайланды.Филиал жанадан құрылса да бүгінгі күнге дейін  аз қаржыны ұқыпты жұмсалып,жұмысы алға өрлеп келе жатыр.Шипажайларға жолдамаға қаржы бөлініп,емдеу сауықтыру мекемелерінің қызметкерлері Манкент,Жанақорған шипажайларына алғаш  барып,алған әсерлерімен бөлісіп,филиал төрағасына жүрек жарды лебіздерін айтып,келесі жылы да баратындарын айтты.