КАНАЛ БОЙЫНДАҒЫ ҚАРБАЛАС

Өңірде су тасқынына байланысты қалыптасып отырған жағдай еңбек адамдарының құқықтары қорғауға, қауіпсіздігін қамтамасыз етуге мүдделі кәсіподақ ұйымдары да тасқыннан зардап шеккендерге қолдан келгенше демеушілік көмектері мен қолдауларын да көрсетіп келеді. Кеше Атырау облысы Кәсіподақтар бірлестігіне қарасты салалық кәсіподақтар жетекшілері өздерінің жүздеген әріптестерінің күшімен атқарылған ұзындығы 24 шақырымдық Соколок каналында жағалау бекіту жұмыстарының №112 бекет басындағы істің жайымен танысты.

Төтенше жағдай жарияланған күннен бері Соколок каналы бойындағы жұмыстардың басы-қасында жүрген Атырау облысы Кәсіподақтар бірлестігінің төрағасы, осы өңірден сайланған облыстық мәслихаттың депутаты Әлібек Семғалиев та өзімен бірге бір мақсат, бір мүддемен жүрген әріптес замандастарына, ерікті жастар мен қала тұрғындарына шынайы алғысын білдірді.

Жалпы ұзындығы 32 шақырым болатын бұл канал шаһарды айналып, Жайық өзені мен Каспий теңізін жалғастырады. Кәсіподақ жетекшілері Атырау қаласын тасқын судан қорғауға атсалысқан азаматтардың атқарған істеріне риза көңілдерін жеткізді.