Карттар күніне

Қариялар береке-бірлік негізі. Қарты бар ауылдан ырыс пен берекет үзілмейді. Қарттар қай замандардан бері де айналасын берекеге, ынтымаққа ұйыстырып келгені ақиқат.

Ұлтымызда жастар қарт адамның алдын кесіп өтпеген. Батасын алатын болған. Қарттардың батасын алудың да өзіндік әдептері мен, ізеттілікке сай тұстары бар.

Асыл дініміз Исламда қарттарға құрмет етудің маңызы зор. Қарттарды сыйлау, үлкендерді құрметтеуге арналған көптеген тамаша ғибратты хадистер бар.Ислам үлкенді сыйлауды, кішіге ізет етуді насихаттайды.

Атақты ислам ғалымдары «Әлсіздерге, науқастарға, қарттарға және кішілерге мейірімділік көрсетіңдер!» дегн тағылымды сөз айтуы да осының айғағы болса керек.«Қарттарға құрмет және сияпат, Аллаға деген құрметтен туындайды.» (Бұхари) деген ізгі хадистер қалдырған. Бұл хадистер арқылы ғадым замандаран бері қарияларға деген құрметтің биік өлшемдерін көреміз.«Үлкендерін құрметтемеген, кішілерге мейірім етпеген адам бізден емес..» (Бұхари) деуінің өзі қарттарға деген сый мен құрметтің жоғарғы болуын әййгілеп тұрғандығының белгісі. Қарттарда бір мейірім мен бір береке бар.