МЕЙІРБИКЕЛЕРДІ ҰЛҒЫЛАУ!

«SENIM» денсаулық сақтау жүйесі жұмыскерлерінің салалық кәсіптік одағының Атырау облыстық филиалы «12-мамыр мейірбикелер күніне» орай мерекелік шара өткізіді.

Шара барысында «SENIM» Денсаулық сақтау жүйесі қызметкерлерінің салалық кәсіптік одағы» РҚБ-нің «Үздігі» төсбелгісімен Сағыналиева Салима Жұмажанқызы-Атырау облысының денсаулық сақтау басқармасының «Атырау облыстық психикалық денсаулық орталығының» бас мейірбикесі және Есенгалиева Менсулу Хайруллаевна- Атырау облысының денсаулық сақтау басқармасының «Исатай аудандық орталық ауруханасының » мейірбикесі    марапатталды.

Сонымен қатар «Senim» Денсаулық сақтау жүйесі жұмыскерлерінің салалық кәсіподағы Республикалық қоғамдық бірлестігінің «Құрмет грамотасымен» Жұмағазиева Әлия Абдрахманова- «№ 7 қалалық емханасының» мейірбикесі, Ешмуратова Буадат-«Сәлімжан»ЖШС-нің – мейірбикесі,Балтаева Клара Суюновна-«Мақат аудандық орталық ауруханасының» мейірбикесі,Өмірбекова Шынаргүл Қонысбайқызы-«Атырау облыстық аурухананың» мейірбикесі марапатталды.

«Senim» Денсаулық сақтау жүйесі жұмыскерлерінің салалық кәсіподағы Республикалық қоғамдық бірлестігінің «Алғыс хатымен»

Джумиева Жансұлу Максутовна- «Атырау облыстық тері-венерологиялық диспансерінің» мейірбикесі,Тулемисова Молдир Ажигереевна- «№2 Облыстық ауруханасының» мейірбикесі, Рахманова Шолпан Уангалиевна-«№ 4 қалалық емхананың» мейірбикесі,Жаналисова Камшат- «№ 5 қалалық емхананың» мейірбикесі марапатталды.

Мерекелік шарада «Senim» денсаулық сақтау жүйесі жұмыскерлерінің салалық кәсіподағы көп балалы отбасылары мен мүгедек бала тәрбиелеп отырған отбасыларына барынша әлеуметтік қолдаулар көрсетіп бір топ кәсіподақ мүшелеріне қайырымдылық сертификаттары мен гүл шоқтарын табыстады.

Сертификат құны – 100 000 теңге.

1.Идирисова Эльмира Бағытжанқызы — облыстық офтальмологиялық аурухананың мейірбикесі

2.Сембаева Гүлжазира — Облыстық қан орталығының қызметкері

3.Сүлейменова Айгерім — №3 қалалық емхананың мейірбикесі

4.Сатжанова Гүлжан Қасымқызы — №5 қалалық емхананың қызметкері

5.Нысанкулова Айсұлу-Сәлімжан ЖШС-нің қызметкеріне берілді.

Сонымен қатар Атырау аумақтық кәсіподақтар орталығының «Алғыс хаты» және Senim» Денсаулық сақтау жүйесі жұмыскерлерінің салалық кәсіподағы Республикалық қоғамдық бірлестігінің Атырау облыстық филиалының «Алғыс хаттарымен» бір топ кәсіподақ мүшелері гүл шоқтарымен, сыйлықтармен марапатталды.