«Мектепке жол»

2024жылдың 20-шы тамызында Кәсіподақтар үйінің мәжіліс залында «SENІM» Денсаулық сақтау жүйесі жұмыскерлері салалық кәсіптік одағы» республикалық қоғамдық бірлестігі Атырау облыстық филиалы «Мектепке жол» акциясы аясында шара ұйымдастырды. Жаңа оқу жылы қарсаңында өткізілген бұл дәстүрлі шараға облыстың емдеу-сауықтыру мекемелерінде жұмыс жасайтын көп балалы, аз қамтылған және ерекше бала тәрбиелеп отырған ата-аналар мен балалар шақырылды.

Атырау облыстық филиалының төрағасы Майра Кашкенова сөз алып, балаларға алдағы жаңа оқу жылында сабақты жақсы оқып, үлгілі тәртіпті болуға шақырды. «Мектепке жол» акциясы аясында аймақтың денсаулық сақтау мекемелерінде еңбек ететін кәсіподақ мүшелерінің 31 оқушысының әрқайсысына мектепке баруға қажетті киім-кешек пен оқу құралдарын сатып алу үшін 40 мың теңгенің қаржылай сертификаттарын табыс етті.