Наурыз мерекесіне арналған тоғызқұмалақ пен шахматтан салааралық облыстық спартакиада өткізілді

Атырау аумақтық кәсіподақтар орталығында Еліміздің Тәуелсіздігінің 30 жылдығына, «Кәсіподақтың бастауыш ұйымы жылына» және Наурыз мерекесіне арналған тоғызқұмалақ пен шахматтан салааралық облыстық спартакиада өткізілді. 9 салалық кәсіподақ бойынша әуесқой ойыншылар сайысқа түсті. « Senim » Денсаулық сақтау жүйесі жұмыскерлерінің салалық кәсіптік одағы РҚБ Атырау облыстық филиалының №1Қалалық емхананың мейірбикесі,кәсіподақ мүшесі Құдайберген Гаухар Мұратқызы тоғызқұмалақ ойынынан жүлделі 1-ші орынды,Облыстық тері-венерологиялық диспансердің дәрігері, «Senim» жастар кеңесінің мүшесі Тауасаров Айдос Өмірғалиұлы шахмат ойынынан 3 орынды иемденді.