Онлайн кездесу

Ағымдағы жылдың 9-наурыз күні Атырау облыстық балалар ауруханасы ұжымы қызметкерлерінің «Қалың қалай, бастауыш ұйымы» атты акцияға байланысты Қазақстан Республикасы кәсіподақтар федерациясы төрағасы Сатыбалды Дәулеталин Атырау облыстық балалар ауруханасының еңбек ұжымымен онлайн-режимінде кездесу өткізді.

Кездесу барысында аурухана ұжымының тыныс тіршілігімен етене танысып, ауруханада жұмыс жасап жатқан қызметкерлердің еңбек жағдайы туралы кеңінен айтылды. Ауруханада еңбек ететін қызметкерлерге ұжымдық шартқа байланысты еңбек адамына деген көзқарас мықты сақталғандығы, еңбек тәртібі мен еңбек жағдайының тұрақтылығы туралы мекеме басшысы, аурухана директоры Нұрқабыл Айтмұхамбетов толығымен тоқталып өтті. Сонымен қатар, кездесуге қатынасқан аурухана қызметкерлері, барлық жағдайлар аурухана әкімшілігі тарапынан жасалып жатса, бастауыш кәсіподақ ұйымы тарапынан да қызметкерлерді әлеуметтік қолдаулар жасалып жатқанын жеткізді.

Дегенмен де аурухана қызметкерлерін толғандырып отырған мәселе,бұл еңбек ақының көтерілуі туралы ойларын ортаға салып, өздерінің көкейіндегі мәселелерді федерация төрағасына жеткізді.\

Мерғазиева Гүлмира, хирург-дәрігер, бөлімше меңгерушісі: Менің айтайын дегенім,осы жылы қаңтар айында ҚР ДСМ-нің бұйрығына сәйкес медицина қызметкерлерінің жалақысы,соның ішінде дәрігерлер 30-пайызға, ал орта буын қызметкерлерінің жалақысы 20-пайызға көтерілгені бәрімізге мәлім. Бұл, әрине жақсы. Дегенмен ақы көтерілгенімен біздің күнделікті жейтін тамағымыз, үйіміздің коммуналдық төлемдері сол сияқты басқа төлемдер де бір жарым- екі есеге дейін көтерілуде. Осы тұста айта кететін жағдай, біздің жалақымыз көтерілгенімен бөлімше де жұмыс жасайтын кіші буын қызметкерлердің жалақысы көтерілген жоқ. Кей кездері санитаркалар ауырып, орнына басқаларын жұмысқа шақырғанда қиындау болып тұр, санитаркалар күнара келуі керек, ал олардың көбі қаланың шетіндегі ауылдан қатынап жасайды, таңертең келдің,кешке кетті дегеннің өзінде тек қана қатынауға теңгеден жұмсайды.

Меңдіғалиев Нұрғали, аурухана жүргізушісі: Менің айтатын мәселем, бұл жалақы туралы. Биыл екінші қайтара медициналық қызметкерлер жалақысы көтерілгенімен біз сияқты жүргізушілер, санитаркалар, басқа да техникалық қызмткерлер жалақысы өзгеріссіз қалды. Осыған байланысты, сіздің тарапыңыздан қолдау болса да деп сұрағым келеді,

Менің ең көп алғандағы жалақым 90-мың теңгені құрайды, сегіз балам бар, әйелім де бюджеттік мекемеде қарапайым қызметкер, жалақысы 60 мың теңге сонда, сегіз баламмен өздерімізбен осындай жалақыға өмір сүру керекпіз, ақылға сыймайды.

Тағы бір айтатын жағдай, пандемия кезінде де Министрліктің бұйрығына сай жұмыс жасаған медициналық қызметкерлерге үстеме ақы қаралған. Ал, сол қызметкерлерді және науқастарды тасыған жүргізушілер назардан тыс қалдық. Күнара жұмыс жасадық сіздерге тиесілі емес дегесін үстемеақы ала алмадық.

Мирамова Гүлнұр, дәрігер реабилитолог, бөлімше меңгерушісі:

Менде өзімнің әріптестерімді қолдаймын. Ауруханада жұмыс жасауға барлық жағдай жасалған, бізді мазалайтын бір ақ мәселе. Ол жалақымыз. Жалақы көтерілді деп айтамыз, ия көтерілгені азда болса сезіледі, дегенмен ол жалақы көтерілгенмен қатар, басқа төлейтін қаражаттарымыз да көтерілуде. Тамақ, коммуналдық шығындарды айтпағанда, мысалы қазір балаларымыз мектепті онлайн оқуда, енді олардың программадан қалмай дұрыс білім алуыт үшін қосымша репетитор жалдауға тура келеді. Сол бір екі репетитор өзіне мыңға дейін төлеуге тура келеді. Сонымен қатар, кәсіподақтар федерациясының төрағасымен кездесуде айтқым келетіні, жалпы біздің жүргізіп отырған ем домдарымыздың тарифі төмен, мүмкін сол тарифтер өз дәрежесінде дұрыс көтерілсе мүмкін табатын ақшамызда көтерілер ме еді деген оймен жоғарыдағыларға жеткізсеңіз деген ұсынысым бар.

Басарова Ақыш, шаруашылық қожасы: Біздің аурухананың көлемі 22-мың шаршы метрді қамтиды. Осы ауруханаға стационарлық көмек алуға келген науқастарды, яғни балаларды үздіксіз дұрыс емдеу үшін, ауруханада барлық қызметкерлер толық болуы керек. Кей кездері электрик, сантехник табу өте қиын, азғантай ақшаға 60-70 мың теңгеге ешкім келгісі келмейді жұмысқа. Кей кездері санитаркаларды табу да қиынға соғады.