Құрметті денсаулық сақшылары, сала ардагерлері, кәсіподақ жетекшілері!

Сіздерді 30 тамыз – Қазақстан Республикасының Конституциясы күнімен шын жүректен құттықтаймын. Тәуелсіз Қазақ елінің өркендеп, дамуына қарқын қосып, ұлт пен ұлыстардың ынтымақ-бірлігіне, берекелі тірлігіне жол бастаған Ата Заңда бекітілген республикамыздың тұғырлы қағидаттары бүгінде өзінің өміршеңдігін дәлелдеді. Әрбір қазақстандық келешекке керуен тартқан мемлекетіміздің тұрақты дамуының кепілі Конституцияның мемлекет пен қоғам үшін ғана емес, өзінің жеке басы мен отбасы үшін де маңыздылығын терең сезінеді.

Ата Заңымызда бекітілгендей барлық азаматтардың құқықтары мен мүдделерін қорғау, еркіндіктері мен қауіпсіздігін сақтау қағидаттарының орындалуы қамтамасыз етілуде. Мұнда Сіздердің де зор үлестеріңіз бар. Жылдан жылға біздің басты құндылықтарымыз – Тәуелсіздігіміз, келісім мен бірлігіміз нығая берсін. Әр шаңыраққа құт-береке, ырыс пен ынтымақ тілеймін.

Құрметпен, Майра Кашкенова,
«SENIM» Денсаулық сақтау жүйесі
жұмыскерлерінің салалық кәсіптік одағы»
РҚБ Атырау облыстық филиалының төрағасы