ҚҰРМЕТТІ ӘРІПТЕСТЕР!

Баршаңызды келе жатқан Жаңа – 2023 жылмен шын жүректен құттықтаймын! Жаңа жылымыз әр шаңыраққа шат-шадыман сәттер, жаңа мүмкіндіктер сыйласын! Қоян жылымыз әрқайсымызға тың шығармашылық ойлар, биік кәсіби жетістіктер, керемет оң өзгерістер, жарқын кездесулер мен қуанышты оқиғалар, тамаша бастамалар мен оң шешімдерін ала келсін

Жаңа Жыл – жаңа үміттер мен жаңа жоспарларды жүзеге асыруға бастау болсын! Денсаулық сақтау саласы жұмыскерлерінің еңбек құқықтары мен мүдделерін қорғау, жұмыс берушілерімен ынтымақты байланыс орнату арқылы әріптестеріміздің түрлі әлеуметтік мәселелерін оң шешуді салалық кәсіподақ бірлестігі басты міндет санайды. Сіздерге жаңа жетістіктер мен кәсіби табыстар тілеймін.

2023 жыл әрбір шаңыраққа бейбіт өмір, тыныштық және мол жақсылықтар әкелсін.

ЖАҢА ЖЫЛ ҚҰТТЫ БОЛСЫН!

Кашкенова Майра Тұрланқызы
«SENIM» Денсаулық сақтау жүйесі жұмыскерлерінің салалық кәсіптік одағы» республикалық қоғамдық бірлестігі Атырау облыстық филиалының төрағасы