Сәуірбек Бекжанұлының дүниеден озуына байланысты көңіл айтамыз

Құрманғазы аудандық ауруханасы бастауыш кәсіподақ ұйымының төрағасы, әріптесіміз Сымбат Елтайқызына жан жары, балаларының асқар тау әкесі Сәуірбек Бекжанұлының дүниеден озуына байланысты «SENIM» Денсаулық сақтау жүйесі жұмыскерлерінің салалық кәсіптік одағы» республикалық қоғамдық бірлестігі Атырау облыстық филиалы атынан қайғырып көңіл айтамыз. Отбасына, ағайын-туыстарына сабыр бергей!

Марқұмның жатқан жері жайлы, жаны жәннатта, топырағы торқа болсын. Иман байлығын берсін!