«SENIM» Денсаулық сақтау жүйесі қызметкерлерінің салалық кәсіптік одағы» РҚБ-нің Атырау облыстык филиалы 21-маусым «Медицина қызметкерлері» күніне орай адам жанының арашашысы, ақ халатты абзал жандарга арнайы байқау ұйымдастырылды.

«Үздік фельдшер-2020»- Атырау облыстық жедел-жәрдем станциясының фельдшері Г.Төлегенова, «Үздік лаборант-2020»- Атырау облыстық ауруханасының лаборанты Т. Арыстағалиева, «Үздік мейірбике-2020»- Атырау облыстық балалар ауруханасының аға мейірбикесі, «Үздік селолық мейірбике-2020»- Исатай аудандық орталық ауруханасының мейірбикесі, «Үздік акушер-2020»-облыстық перинаталдық орталықтың акушері Г.Сарсекенова жеңімпаз атанды. Байқау жеңімпаздары комиссия шешімімен анықталып,үздік жеңімпаздарға 100 000(жүз мың) теңгелік қаржылай сертификатпен, диплом табысталды.Медицина қызметкерлерінің балалары арасында «Мен дәрігер боламын» атты жас ерекшеліктеріне байланысты шығарма жазу және сурет салу байқауы өткізіліп, байқауға барлығы 75-ге жуық үміткер балалар қатысты.Жеңімпаз балаларға қаржылай сертификатпен, дипломдар және номинанттарға ынталандыру сыйлықтары табысталды.