«SENIM» Денсаулық сақтау жүйесі қызметкерлерінің салалық кәсіптік одағы» РҚБ-нің Атырау облыстык филиалы 21-маусым «Медиицина қызметкерлері» күніне орай денсаулық сақтау саласының үздіктерін құттықтап, ұлғылады.

Маусымның үшінші жексенбісінде «Медицина қызметкерлері күнін» дәрігерлер мен медбикелер, санитарлар мен лаборанттар,фельдшер денсаулық сақтау саласының басқа да көптеген бейіндерінің мамандары атап өтеді.

Биылғы жылы «COVID-19 пандемиясын» жою мақсатында халық денсаулығы үшін күні -түні жұмыс жасап, өмірлерін қатерге тіккен, бүгінгі күннің қарусыз майданға шыққан нағыз батырлары екені тілге тиек етілді.

Осыған орай, мереке қарсаңында облыстың медицина қызметкерлеріне – халық денсаулығын сақтау ісіне өз үлестерін қосып жүрген абзал жандарға құрмет көрсетіліп, Денсаулық сақтау министрлігінің «Еңбек ардагері»медальмен Облыстық туберкулезге қарсы күрес диспансерінің дәрігері Ә.Мардашев, «Денсаулық саласының үздігі» төсбелгісімен N3 Қалалық емхананың дәрігері Қ. Қаймаков және «Денсаулық сақтау саласына қосқан үлесі үшін» төсбелгісімен Қызылқоға аудандық орталық ауруханасынын дәрігер-гинекологы,бастауыш кәсіподак ұйымының төрайымы Д. Мендиғалиева марапатталды. ҚР ДСМ-нің Құрмет грамотасымен Облыстық перинаталдық орталықтың дәрігер -акушері С. Ғабдуллина және Алғыс хатымен N2 облыстық аурухананың лаборанты,бастауыш кәсіподақ ұйымының төрағасы А.Бақтыбайға табысталды. «SENIM» Денсаулық сақтау жүйесі қызметкерлерінің салалық кәсіптік одағы» РҚБ-нің төсбелгісімен N2 облыстық аурухананың аға мейірбикесі Ж.Шамуршанова және Құрманғазы аудандық орталық ауруханасының дәрігері Ә. Махмутова ұлғыланды.» «Senim» Денсаулық сақтау жүйесі жұмыскерлерінің салалық кәсіптік одағы РҚБ-нің шешімімен 100 000 (жүз мың) теңге көлемінде ақшалай сертификаттар мен Құрмет грамоталары, Алғыс хаттары табысталды.100 000 (жүз мың) теңге көлеміндегі сертификатқа N2облыстық аурухананың аға мейірбикесі Б.Масалимова, Геолог емханасының фельдшері Ж.Сүйіндік, N4қалалық емхананың мейірбикесі Ғ.Тюмешева, Жылыой аудандық орталық ауруханасының мейірбикесі Ә.Қарағаева, облыстық туберкулезге қарсы күрес диспансерінің тазалықшысы Ф.Харесова ие болды.

Атырау облыстық филиалдың шешімімен 7 медицина қызметкеріне 150 000 (бир жүз елу мың) тенгелік қаржылай қайырымдылық сертификаты берілді. 20 медицина қызметкерлеріне 15 000 (он бес мың) тенгелік мерекелік азық-түлік кәрзеңке сертификаттары табысталды.

Сонымен қатар облыстық маслихаттың «Алғыс хаты», Қалалық әкімнің «Алғыс хаты» және Атырау аумақтық кәсіподақ орталығының «Алғыс хаттарымен» бір топ кәсіподақ мүшелері,барлығы 10медицина қызметкері ұлғыланды.