Батыс өңірлік денсаулық сақтау саласы жастары форумы өтті

Алғаш рет Денсаулық сақтау саласы бойынша Атырау қаласында Ел Басының Қазақстан халқына жолдауына сәйкес «Жастар жылы» аясында 27-28 ақпанда Батыс өңірлік денсаулық сақтау саласы жастары форумы өтті.

Форумға 150-ден астам өңірдің Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Маңғыстау, Атырау облыстарынан жас мамандар-дәрігерлер қатынасты. Екі күнге созылған форумда Батыс өңірінің жастары денсаулық сақтау саласындағы қол жеткізген жетістіктерімен, медицинадағы жаңашылдықтарымен сондай-ақ алдағы уақытта жүзеге асыратын мәселерімен пікір алмасып бөлісті.

Форум аясында жас мамандардың өз алдарына күрделі оталарды жасау, жаңа технологиялық өзгерістерге бағытталған емдеу тәсілдерін қолданулары,медицина саласындағы цифрлық технологияларды кеңінен жұмыс барысында қолданулары цифрлық тұрғыдағы тәсілдермен емдеу, нейрохирургия және травмотология саласындағы аз инвазивті және реконструктивті жолмен оталарды жасау,адам денесіне тесу арқылы жасалатын эндоскопиялық оталарды жасау тақырыптарына презентациялар жасалды. Сондай-ақ бүгінгі күннің талабы медицина саласындағы цифрлық технологиялар,соның ішінде ауруларды емдеу тәсілдеріне соның ішінде ауруларды емдеу тәсілдеріне де қолдану жас мамандар арасында қызу талқыға түсті.

Форум жұмысына бастауыш кәсіподақ ұйымдары төрағалары да қатысып,

«Жастар арасындағы келіспеушіліктерді медиативтік технологиялармен шешу»,  «Еңбек дауларындағы келіспеушіліктерді медиация жолымен шешу» тақырыптарында мастер-класстан өтті.

Елім деп, жерім деп, Отаным деп жүректері соғатын білікті де білімді де,белсенді де алғыр жастар мен тек қана өз істерінің нағыз шеберлері екенін көрсетті.

Осындай озат жас мамандарға Ақтөбе, Атырау облыстарының әкімдері, Ақтау және Орал қалалары әкімдері «Алғыс хаттары», Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар Федерациясының,  «Senim» Денсаулық сақтау жүйесі жұмыскерлерінің салалық кәсіптік одағы Республикалық Қоғамдық Бірлестігің Құрмет грамоталары, бағалы сыйлықтары табысталды. Денсаулық сақтау саласының салалық кәсіподақтары тарихында болмаған жағдай форумға қатысушы 16-жас мамандарға «Senim» Денсаулық сақтау жүйесі жұмыскерлерінің салалық кәсіптік одағы Республикалық Қоғамдық Бірлестігінің атқару комитетінің шешімімен жасы 35-ке толмаған облыстық және аудандық жерлерде жетіспейтін мамандарға қолдау көрсету және көтермелеу мақсатында 500 000 теңге көлемінде сертификаттар тапсырылды.

Сонымен қатар, форумға қатысушы жас маман дәрігерлер денсаулық сақтау саласында орын алып отырған проблемаларді әзіл түрімен «Көңілді тапқырлар клубы» ойыны арқылы көрсете білді.

Форум соңы жас мамандардың күшімен дайындалған концертпен аяқталды.