Атырау облысы Кәсіподақтар орталығы Келісу комиссиясының мүшелеріне оқыту семинарын ұйымдастырды

ҚР 2015 жылғы 23-қарашадағы № 414-V ҚРЗ Еңбек Кодексінің 159-бабының 8-тармағы бойынша келісу комиссиясының тараптары келісу комиссиясының мүшелерін ҚР еңбек заңнамасының негіздеріне, келіссөздер жүргізу машығын дамытуға және еңбек дауларында консенсусқа жетуге жыл сайын оқытуды жүргізуге міндетті.

Осы бағытта «Атырау облысы Кәсіподақтар орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігі сәуірдің 19 күні «Келісу комиссиясының мүшелерін жыл сайынғы оқыту» тақырыбында оқыту семинарын ұйымдастырды.

Семинарға барлық емдеу-сауықтыру мекемелерінің қызметкерлері қатысты.