Атырау облыстық филиалында бастауыш кәсіподақ ұйымының төрағаларымен және SENIM жастар кеңесінің өкілдерімен кездесу өтті.

2019 жылдың   08 сәуірде «SENIM» Денсаулық сақтау жүйесі жұмыскерлерінің салалық кәсіптік одағы» Республикалық қоғамдық бірлестігінің Атырау облыстық филиалында бастауыш кәсіподақ ұйымының төрағаларымен және SENIM жастар кеңесінің өкілдерімен кездесу өтті.

« Senim » Денсаулық сақтау  жүйесі жұмыскерлерінің салалық кәсіптік одағы Республикалық қоғамдық бірлестігі Атырау облыстық  филиалының  төрайымы  М.Кашкенова сөз бастап, 2019 жылдың 27-наурызында Қызылорда қаласында өткен Орталық аппараттың кеңейтілген отырысында кәсіподақ ұйымдары тарапынан емдеу-сауықтыру мекемелеріне жұмысқа шақырылған кәсіподақ мүшелері жас мамандарды қолдау, соларды жұмысқа тұрақтандыру мақсатында әлеуметтік  қаржылай көмек көрсетуге шешім қабылданғандығын айтып өтті.