ОРАЗА ТҰТҚАНДАРҒА –АУЫЗАШАР

«Senім» Денсаулық сақтау жүйесі жұмыскерлерінің салалық кәсіптік одағы» республикалы қоғамдық бірлестігінің Атырау облыстық филиалы Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мейрамы және Қасиетті рамазан айымен қатар келген дәстүрімізге айналған Амал мерекесіне арналған шара ұйымдастырды. Ораза тұтқан сала ардагерлері мен әлеуметтік әріптестерге, кәсіподақ белсенділеріне дастархан мәзірі дайындалып, ауызашар берілді. Ораза ұстаушы жандар үшін Иманғали мешітінің иманы сөйлеп, Құран оқыды.

Атырау облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасарлары Альмира Сабырғалиева, Алмагүл Абилова және «Senім» Денсаулық сақтау жүйесі жұмыскерлерінің салалық кәсіптік одағы» республикалық қоғамдық бірлестігінің Атырау облыстық филиалы төрағасы Майра Кашкенова және басқалар сөйлеп, тілектерін білдірді.

Ауызашарға жиналған қонақтар қасиетті ораза айында дінді насихаттап өлең айту сауап деп түсінген жарапазаншылар өнер көрсетіп, қонақтардың көңілін көтерді.

Халық денсаулығын қорғауда өздерінің кәсіби шеберліктерімен танылған абзал жандарға кәсіподақтың атынан сый-сияпаттар табыс етілді.