«SENIM» жастар кеңесінің өкілдерімен кездесу өтті

« Senim » Денсаулық сақтау  жүйесі жұмыскерлерінің салалық кәсіптік одағы Республикалық қоғамдық бірлестігі Атырау облыстық филиалының  «SENIM» Жастар кеңесінің өкілдерімен кезекті отырысы өткізілді.

Отырыс барысында 2020 жылға атқарылатын жұмыстардың жұмыс жоспарымен таныстырылып, кеңінен ауқымды мәселелер талқыланды.

Сонымен қатар «8-Наурыз Халықаралық әйелдер күні» және «22-Наурыз Ұлыстың ұлы күні мейрамына» орай өткізілетін  мерекелік шараның бағдарламасын жасақтап, кеңес мүшелері қызу дайындық жұмыстарына кірісуде.