1 маусым — Халықаралық балаларды қорғау күні

«Senim» Денсаулық сақтау жүйесі жұмыскерлерінің салалық кәсіптік одағы РҚБ Атырау облысы филиалы, бастауыш кәсіподақ ұйымы «1 маусым — Халықаралық балаларды қорғау күні» мерекесіне орай, Геолог емханасы бастауыш кәсіподақ ұйымы мерекелік шара өткізді.

Емхананың кәсіподақ комитеті атынан ерекше бала тәрбиелеп отырған ата- аналарға қаржылай көмек көрсетіліп,балалаларға тәттілер мен сыйлықтар ұсынды.Балалаларға арналған мерекелік әндер айтылып, түрлі ойындар ойнатылды.