12 мамыр Мейірбикелер күніне

« Senim » Денсаулық сақтау  жүйесі жұмыскерлерінің салалық кәсіптік одағы Республикалық қоғамдық бірлестігі Атырау облыстық филиалының төрағасы «12 мамыр Мейірбикелер күніне» орай Атқару комитетінің мүшелерінмен отырыс өткізді. Отырыс барысында Күн тәртібінде көрсетілген мәселелер талқыланып,атап айтқанда «12 мамыр Мейірбикелер күніне» денсаулық сақтау саласында ұзақ жылдар қызмет еткен орта буын медицина қызметкерлерін ұлғылау,отбасы жағдайы төмен,аса бір күтімді қажет ететін ерекше балалары бар қызметкерлерге бір жолғы әлеуметтік көмек беру және күні бүгінге дейін шешімін таппаған мәселелер талқыланды.Отырыс барысында әр кәсіподақ мүшелерінің пікірлері тыңдалып,ортақ талқыға салынды.