8-наурыз Халықаралық әйелдер күнімен құттықтаймыз

«Senim» Денсаулық сақтау жүйесі жұмыскерлерінің салалық кәсіптік одағы Республикалық қоғамдық бірлестігі Атырау облыстық филиалы төрағасының ұйымдастыруымен «8-наурыз Халықаралық әйелдер күніне» күніне орай денсаулық сақтау саласының қызметкерлері және бастауыш кәсіподақ ұйымының төрағаларына арналған мерекелік жиналысы өткізілді. Құттықтау барысында ұйым төрағаларына медицина саласы қызметкерлерінің құқығын қорғап, кәсіподақ жұмыстарының жандануына өз үлестерін қосып, белсене жұмыс жасап жүргендері айтылып өтті. Осы нәзік жанды аруларға жұмыстарына алдағы уақытта толағай табыстар тілеп, бағалы сыйлықтар мен гүл шоқтары табысталды.