Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күнімен құттықтаймыз!

Тәуелсіздік — ең басты құндылығымыз. Желтоксанның екпінімен келген Тәуелсіздіктің біз үшін орны қашан да бөлек. Тәуелсіздікке қантөгіссіз, бейбіт түрде қол жеткізгеннен кейін ғана елімізді әлемнің өркениетті мемлекеттерінің қатарына қоса алдық.

 29 жыл ішінде тәуелсіз Қазақ елін қалыптастырып, нарықтың қиын өткелектерінен аман өткізіп келеміз. Тәуелсіздік күні еліміздің барлық азаматтары үшін орны ерекше мереке деп білеміз, себебі, осынау жүрекжарды қуанышқа толы күнді ата — бабаларымыз ғасырлар бойы армандап, күтумен өтті.

Бұл мереке күні Сіздерге тілейтініміз зор-денсаулық, мақсат-жолдарынызда сәттілік және рухани байлық.

Тәуелсіздігіміз-тұғырлы болсын!

 

Құрметпен

«SENIM» «Денсаулық сақтау

жүйесі жұмыскерлерінің салалық кәсіптік одағы»

РҚБ Атырау облыстық филиалы.