Бүгін 7 мамыр Отан қорғаушылар күніне арналған волейбол турнирі басталды

Бүгін Атырау қаласындағы Нұрсая шағын ауданындағы денешынықтыру-спорт кешенінде 7 мамыр Отан қорғаушылар күніне арналған медицина қызметкерлері арасындағы батыс өңірлік ерлер арасындағы волейбол турнирі басталды. «SENIM денсаулық сақтау саласы жұмыскерлері кәсіптік одағы » РҚБ Атырау облыстық филиалының ұйымдастыруымен және облыстық денсаулық сақтау басқармасының қолдауымен өтіп жатқан сайыста Атырау, Батыс Қазақстан, Ақтөбе және Маңғыстау облысынан барлығы 7 команда қатысуда. Турнирдің салтанатты ашылуынан кейін Атырау-1 командасы көршілес оралдық әріптестерін ұтты. Атырау облыстық ауруханасының дәрігерлері Маңғыстаудың Мұнайлы командасын жеңді. Жарыс жалғасуда.