Көңіл айту

Аймақтың денсаулық сақтау саласы ауыр қазаға ұшырады. Өзінің бар саналы ғұмырын халықтың аман-саулығына арнаған әріптесіміз, құрметті ұстаз, сала ардагері, медицина ғылымдарының кандидаты Рахима Жұбанқызы Еркінәлиева осы жылдың 5 қыркүйегінде ауыр науқастан қайтыс болды.

Рахима Жұбанқызы 1950 жылдың 22 ақпанында Гурьев облысында дүниеге келді. 1973 жылы Ақтөбе мемлекеттік медицина институтының емдеу факультетін тәмамдағаннан кейін өзінің алғашқы еңбек жолын Гурьев қаласының №2 біріккен ауруханасында учаскелік дәрігер-терапевт бастап, кейін Гурьев химия зауытына қарасты емхана филиалының меңгерушісі болып жұмыс атқарды.

Р.Еркінәлиеваның халық денсаулығын сақтау саласындағы 1977–2004 жылдар аралығында кезең абыройлы да жемісті болған еді. Ол облыстық аурухананың кардиология бөлімшесінің меңгерушісі болып қызмет атқара жүріп, адамдар арасында жүрек ауруларының алдын алу, сырқатқа ұшыраған жандарды емдеуде мол тәжірибек жинақтады, ғылыми-зерттеу жұмыстарымен айналысты, өзінің кәсіби тәжірибесін кейінгі жас мамандарға үйретуге үлес қосты.
Жалпы дәрігерлік еңбек өтілі 45 жылды құрайтын Рахима Жұбанқызы 2004 жылдан күні бүгінге дейін Атыраудағы «ЧУ СВА Интертич» клинкасында кардиолог-дәрігер болып қызмет атқарды. Өңір халқының денсаулығын сақтауға сіңірген еңбектері лайықты бағаланып, оған «Қазақ ССР еңбегі сіңірген дәрігер», «Денсаулық сақтау ісінің үздігі» атақтары берілді.

Рахима Жубанқызының дүниеден озуына байланысты «SENIM» Денсаулық сақтау жүйесі жұмыскерлерінің салалық кәсіптік одағы» республикалық қоғамдық бірлестігі Атырау облыстық филиалы атынан ағайын-тумасына, бауырларына, әріптестерімізге қайғырып көңіл айтамыз.

Жатқан жері жәннатта, топырағы торқа болып, иман баййлығын бергей!

«SENIM» Денсаулық сақтау жүйесі жұмыскерлерінің салалық кәсіптік одағы» республикалық қоғамдық бірлестігі Атырау облыстық филиалы