Көп балалы отбасыларындағы оқушы балаларға планшеттер сыйға тартылыпты

« Senim » Денсаулық сақтау жүйесі жұмыскерлерінің салалық кәсіптік одағы РҚБ Атырау облыстық  филиалының атқару комитетінің шешімімен көп балалы  отбасыларындағы  мектеп жасындағы оқушы балаларға  Атырау облысы филиалы атынан  2020-2021  оқу жылының басталуымен, планшеттер сыйға тартылып, табысталды. Акцияны ұйымдастырып, өткізуге «Senim жастар кеңесі » мүшелері ат салысты.