Кәсіподақ тынысы — Балаларға қуаныш сыйлады!

Жыл сайын жаңа оқу жылына әлеуметтік жағынан қорғалмаған отбасы балаларына арнап «Мектепке жол» акциясы өткізіледі. Бұл акция биыл «Жақсылық жаса» ұранымен бастау алды.

Аталған шара «SENIM» Денсаулық сақтау жүйесі жұмыскерлерінің салалық кәсіптік одағы Атырау облыстық филиалының ұйымдастыруымен Кәсіподақ үйініі мәжіліс залында дәстүрге сай өткізілді. Шараға облыс бойынша 38 емдеу сауықтыру ұйымдарынан көпбалалы және әлеуметтік жағынан қолдауға зәру отбасы балаллары мен ата-аналары шақырылды.

SENIM Денсаулық сақтау жүйесі жұмыскерлерінің салалық кәсіптік одағы Атырау облыстық филиалы төрағасы Майра Тұрланқызы сөз алып, шараның мақсатын түсіндіріп, алдағы оқу жылына жылы лебізін білдірді.

Сондай-ақ Майра Тұрланқызы Кәсіподақ ұйымының қолдауымен және Басшы Еркін Бекетұлының бастамасымен қызметкер Сейткереева Венераның баласына арнап көмек ретінде мектепке қажетті киім мен оқу-құралдарын алуға 30,000 теңгелік сертификаты мен сыйлықтар табыс етті.