Ұлыстың ұлы күні наурыз құтты болсын!

2019 жылдың 18-20 наурыз күндері  ««SENIM» Денсаулық сақтау жүйесі жұмыскерлерінің салалық кәсіптік одағы» Республикалық қоғамдық бірлестігінің Атырау облыстық филиалы төрағасы Кашкенова Майра Тұрланқызы емдеу-сауықтыру мекемелерінің басшыларының шақыртуымен «Армысың, әз Наурыз» атты Наурыз мерекесіне арналған дәстүрлі мерекелік іс-шарасы қатысты.

Мерекелік шарада филиал төрағасы М.Кашкенова  барлық денсаулық саласының қызметкерлерің құттықтап,отбасылық жағдайы төмен отбасыларға  әлеуметтік көмек көрсету барысында қаржылай сертификаттар табыстады.

Наурыз мерекесінде көже пісіріліп,киіз үй тігіліп қазақтың салт-дәстүрі,әдет-ғұрыптары түгел сақталғандығын көрсетіп,келіндер сайысы,құда түсу,көкпар тарту,бесікке салу,тұсау кесу т.б. ғұрыптар жасалды.

Салтанатты іс-шара концерттік бағдарламамен жалғасып, соңында естелікке суретке түсті.