Медицина қызметкерлері тұрақты қоғамды қолдайды.

Президенттік сайлау – барша Қазақстандықтардың азаматтық бостандығының ажырамас бөлігі, айқын дәлелі.

Биылғы сайлау — Қазақстандықтар үшін,соның ішінде еңбеккерлер үшін маңызды саяси мәселе. Өйткені, бұрын соңды кәсіподақтар тарихында, қарапайым еңбек адамдарының атынан, солардың мұң-мұқтажын терең түсіне білетін адамды ҚР кәсіподақтар федерациясының ҚР Президенттігіне үміткер ретінде ұсынуы болмаған жағдай.

Ағымдағы жылдың 30 мамырында Атырау облыстық ауруханасында болып, үгіт-насихат жұмыстары аясында Президенттікке үміткер Амангелді Сатыбалдыұлы Таспихов аурухана қызметкерлерімен кездесу барысында  сайлауалды тұғырнамасының негізгі бағыттары талқыланды.

Амангелді Таспихов медицина ұйымдары қызметкерлерінің құқықтарын қорғау, қауіпсіз еңбек жағдайларын қамтамасыз ету, лайықты еңбекақы төлеу және мамандық беделін арттыру мәселесіне ерекше назар аударды сонымен қатар болашақта  науқастардың тегін емделу, жастардың тегін білім алуға қолдау көрсетедіндігін айтып өтті.

Кездесу барысында медицина қызметкерлерінің құқықтарын қорғауға, оның ішінде көп балалы аналарға көмек көрсету, жас мамандарды қолдау бойынша кәсіподақта болып жатқан өзгерістерді талқылады.

Кездесу соныңда  аурухананың бас дәрігері С. Шомиров мекеменің қызметі туралы айтып және медициналық мекеменің материалдық-техникалық жабдықтарымен таныстырып өтті.