Сайлау алды үгіт насихат жұмыстары басталды.

Баршаға мәлім, кеше Қазақстанда кезектен тыс президент сайлауына үміткерлердің сайлау алдындағы үгіт-насихат науқаны ресми түрде басталды. Міне, осыған орай  « Senim » Денсаулық сақтау жүйесі жұмыскерлерінің салалық кәсіптік одағы РҚБ Атырау облыстық филиалы төрайымы М.Кашкенова бастауыш кәсіподақ ұйымдарының төрағаларымен кезекті отырыс өткізіп, Қазақстан Республикасының Президенттігіне үміткер А.С.Таспиховтың автобиографиясымен таныстырып өтті.

Сонымен қатар А.С.Таспиховтың сенімді өкілдерінің тізімі құрылып,елде өткелі отырған саяси науқанның маңыздылығына тоқтала келіп, сайлау алды үгіт-насихат жұмыстарын өткізудің ережелерін қатаң сақтауға шақырды.

Сондай-ақ, жиналыста бастауыш кәсіподақ ұйымдарының төрағалары сөз сөйледі.

Жиналыста белсенділер тарапынан қойылған бірнеше сұрақтарға жауап беріліп, алдағы атқарылар шаралар кеңінен талқыланды.

Жиналыс соныңда бастауыш кәсіподақ ұйымдарының төрағаларына үгіт насихат жүргізу барысында плакат,буклеттер таратылды.