Құрманғазы аудандық орталық ауруханасы Жаңа жылдық кеш ұйымдастырды

« Senim » Денсаулық сақтау  жүйесі жұмыскерлерінің салалық кәсіптік одағы Республикалық қоғамдық бірлестігі Атырау облыстық филиалы, Құрманғазы аудандық орталық ауруханасы бастауыш кәсіподақ ұйымы балаларға арнап жаңа жылдық кеш ұйымдастырды. Шара барысында аяз ата сыйлықтары таратылып, балалар мәз болып,шыршаны айналып өлең айтып,өздерінің өнерлерін көрсетті.Сонымен қатар жылдың үздік қызметкерлеріне арнайы «Алғыс хат», бағалы сыйлықтар тапсырылды.