Құрметті әріптестер!

Сіздерді 10 қазан – Қазақстан Республикасы Кәсіподақтары күнімен шын жүректен құттықтаймын!

Денсаулық сақтау саласындағы жұмыскерлердің еңбек құқықтары мен мүдделерінің қорғалуын, еңбек қауіпсіздігінің сақталуын, лайықты еңбекақы мен әлеуметтік кепілдіктер алуын қамтамасыз етудегі және кәсіподақтар қозғалысын дамытудағы қосқан үлестеріңіз үшін ризашылығымды білдіремін!

Сіздерге зор денсаулық пен бақытты ғұмыр, отбасыларыңызға береке-бірлік, қуаныштарға толы шатты өмір тілеймін!

Құрметпен Майра Кашкенова

филиал төрағасы