Құрметті әріптестер!!

Сіздерді Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мейрамымен шын жүректен құттықтаймыз!
Наурыз – жылдың басы, күн мен түннің теңелер шағы.
Тамырын тереңнен тартқан осынау мейрам – береке мен бірліктің,тазалық пен татулықтың тұғырын нығайтып, риясыз шаттық пен қуанышқа кенелтер ұлы мереке.
Баршаңыздың дендеріңізге саулық, шаңырақтарыңызға шаттық, отбасылыраңызға амандық, ырыс пен ынтымақ тілейміз!
Ортақ үйіміз – Қазақстан Республикасы гүлдене берсін!

Игі тілекпен: « Senim » Денсаулық сақтау жүйесі
жұмыскерлерінің салалық кәсіптік
одағы РҚБ Атырау облыстық
филиалы төрағасы

М.Кашкенова