«Senim » денсаулық сақтау жүйесі жұмыскерлерінің салалық кәсіптік одағы Атырау облыстық филиалы баршаңызды медицина қызметкерлері күні мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз!

Сіздердің Атырау облысы денсаулық сақтау саласына қосқан еңбектеріңіз орасан зор. Біздің ұжымның қалыптасуы мен дамуында Сіздердің айшықты қолтаңбаларыңыз бар. Оны біз ешуақытта ұмытпаймыз. Сіздерге жүрер жолдарыңыздың ұзақ, асар асуларыңыздың биік, көрер қызықтарыңыздың мол болуын тілейміз!