Сау дәрігер-сау пациент!

Биылғы жылы «SENIM» Денсаулық сақтау қызметкерлерінің салалық кәсіби одағы» Атырау облыстық филиалы және ЖШС «Салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығы» ұйымдастыруымен, Атырау облыстық денсаулық сақтау басқармасының қолдауымен «16-маусым медицина қызметкерлері кәсіби мерекесіне арналған  дәстүрлі спартакиада»  арналған «Сау дәрігер-сау пациент!» тақырыбымен өтті.

Спартакиада үш кезеңнен тұрды, бірінші кезекте аудандық, қалалық және облыстық емдеу-сауықтыру мекемелерінің 23-командалары волейболдан күш сынасты.

Екінші кезеңде 18-командалар футболдан сынаққа түсіп жарысты.

Ал, үшінші кезеңде 17-командадан тұратын медицина қызметкерлері жеңіл атлетика бойынша ерлер мен әйелдер арасында эстафеталық жүгіру сайысында жарысқа түсті.

APEC PetroTechnic колледжінің спорт залында өткен спорт мерекесі мамыр айының 25- жұлдызында бастау алып маусым айының 8-жұлдызында өз мәресіне жетті. Жабылу салтанатында жеңімпаздар анықталып, барлықтарына ақшалай және бағалы сыйлықтармен дипломдар табысталды.

Командалық жарыстың қорытындысы бойынша 1-жүлделі орынды облыстық балалар ауруханасы, 2 -жүлделі орынды облыстық аурухана, 3 -жүлделі орынды №5 қалалық емханалар командалары жеңіп алды.

Жалпы жүлде қоры 650 000 теңгені құрады.