ҚУАНЫШЕВА АЛМАГҮЛ АПЕШҚЫЗЫНЫҢ дүниеден озуына байланысты көңіл айту

«SENIM» Денсаулық сақтау жүйесі жұмыскерлерінің салалық кәсіподағы Атырау облыстық филиалы, Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласына өлшеусіз еңбек сіңірген еңбек ардагері, Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау министрлігінің медаль иегері, жоғары санатты акушер-гинеколог ҚУАНЫШЕВА АЛМАГҮЛ АПЕШҚЫЗЫНЫҢ дүниеден озуына байланысты марқұмның отбасына, туған-туыстарына қайғырып көңіл айтады.

Марқұмның жаны жаннатта, топырағы торқа, иманы жолдас болғай.