«Құқықтық-сауаттылық» атты семинар-тренинг.

«Senim» Денсаулық сақтау жүйесі жұмыскерлерінің салалық кәсіптік одағы РҚБ Атырау облыстық филиалы, Кәсіподақтар үйінде «Құқықтық-сауаттылық» атты кәсіподақ мүшелері арасында семинар-тренинг өткізілді. Семинар-тренингті М.С.Нарықбаева атындағы университетінің доценті Хасенов Муслим Ханатұлы және «ALC Attorneys» фирмасының басшысы Фарид Алиев әр қызметкердің еңбектегі құқықтарын қорғау барысын айтып түсіндірді.Семинар барысында басқада кәсіподақ мүшелері тарапынан лекторға туындаған сұрақтар қойылып,нақты жауап берілді.Семинарға қатысқан әр кәсіподақ мүшелеріне сертификат берілді.