Айтмуханбетов Нұрғабыл Әбуұлын Атырау облыстық балалар ауруханасының директор лауазымына тағайындалуымен құттықтайды

« Senim » Денсаулық сақтау жүйесі жұмыскерлерінің салалық кәсіптік одағы РҚБ Атырау облыстық филиалы, Айтмуханбетов Нұрғабыл Әбуұлын Атырау облыстық балалар ауруханасының директор лауазымына тағайындалуымен құттықтайды.

Нұрғабыл Әбуұлы Атырау облыстық медицина саласында тынымсыз еңбек етіп, осы жолда көп белес-биіктерден өткен жігерлі азамат,жоғары санатты дәрігер. Бойыңдағы еңбекке адал, мақсатқа берік қасиеттерінің арқасында әріптестеріне білікті басшы, іскер ұйымдастырушы, жарқын бастамалардың қолдаушысы ретінде ерекше бағалап, құрмет тұтады. Нұрғабыл Әбуұлы Сізге ақ ниетпен мықты денсаулық, қажымас күш-қайрат, ортаймас несібе-дәулет тілейміз. Еңбекте толағай табыстарға, мақсатта биік шыңдарға жете беріңіз, абырой-беделіңіз бен табыс-тартуларыңыз арта берсін. Әрдайым деңініз сау, жүзіңіз жарқын, мерейіңіз үстем болсын!