Иманғалиев Ербол Зейноллаұлын Атырау облыстық аурухананың директор лауазымына тағайындалуымен құттықтайды.

« Senim » Денсаулық сақтау жүйесі жұмыскерлерінің салалық кәсіптік одағы РҚБ Атырау облыстық филиалы, Иманғалиев Ербол Зейноллаұлын Атырау облыстық аурухананың директор лауазымына тағайындалуымен құттықтайды.

Қашанда қызығы мен қиындығы қатар жүретін бұл өмірдің бұлтарысы көп, медицина мамандығының қыры мен сырын шебер меңгеріп, еңбекте беделді, қаталдығы мен әділдігі жарасқан білікті басшы ретінде үлгі тұтады. Сізге деніңіздің саулығын, шаңырағыңызға ырыс байлығын, тілейміз. Әрдайым осы тыңғылықты да тындырымды қалпыңыздан танбай, табыстан табысқа жете беріңіз.