Атырау облыстық филиалы, облыстық балалар ауруханасы бастауыш кәсіподақ ұйымы жоғарғы деңгейде Жаңа жылға шара өткізді

« Senim » Денсаулық сақтау  жүйесі жұмыскерлерінің салалық кәсіптік одағы Республикалық қоғамдық бірлестігі Атырау облыстық филиалы, облыстық балалар ауруханасы бастауыш кәсіподақ ұйымы жоғарғы деңгейде Жаңа жылға шара өткізді. Шараға аниматорлар,музыканттар шақыртылды. Шараға 150 ден астам науқас балалар және 100-ден аса кәсіподақ мүшелерінің балалары қатысып, облыстың беделді әртістерінің, ертегі кейіпкерлерінің өнерін тамашалап, аяз-ата сыйлығы табысталды. Сонымен қатар науқас балаларға арнайы Форте банк пен КТК мекемелерінің бағалы сыйлықтары табысталды. Шара соныңда 2019жылдың Үздік дәрігер, Үздік мейірбике, Үздік қызметкер, Үздік бөлімше,Үздік костьюм номинациялары таңдалып, «Алғыс хатпен» арнайы дайындалған бағалы сыйлықтар берілді.