№4 қалалық емхана Жаңа жылдық шара өткізілді

« Senim » Денсаулық сақтау  жүйесі жұмыскерлерінің салалық кәсіптік одағы Республикалық қоғамдық бірлестігі Атырау облыстық филиалы, №4 қалалық емхана  бастауыш кәсіподақ ұйымы және жастар кеңесі мүшелерінің ұйымдастыруымен мүгедек балаларға арнап, Жаңа жылдық шара өткізілді. Шараға аниматорлар, музыканттар мен  Қазақстан-Атырау ТВ шақыртылды. Шара барысында 140 балаға арнайы сыйлықтар дайындалып, келе алмаған балаларға сыйлықтары үйлеріне жеткізілді. Шара соныңда Жастар кеңесі мүшелеріне Алғыс хаттар табысталды. Балалар жаңа жылдық шыршада көңіл көтеріп,бой сергітті.