2019 жылдың 20 желтоқсанда, Ақтөбе қаласы, Өнер орталығында Бірінші республикалық форумы өтті.

2019 жылдың 20 желтоқсанда,  Ақтөбе қаласы, Өнер орталығында  Бірінші республикалық форум өтті.  Форумда фармацевтикалық өнімдер мен медициналық техниканың көрмесі өтті. Бірінші Республикалық форумға 1200 астам делегаттар қатынасты.

«SENIM» денсаулық сақтау жүйесінің алғашқы кәсіподақ ұйымдарының бірінші республикалық форумының құрметті қонақтары:

Ақтөбе облысының әкімі Оразалин Оңдасын Сейілұлы,

Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясының төрағасы Тоғжанов  Ералы  Лұқпанұлы,

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Қаракен Құралай  Ануарқызы,

Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігінің жауапты хатшысы  Жакселекова Ботакоз Шаймарданқызы,

Қазақстан Республикасының  еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің жауапты хатшысы Курмангалиева Аида Даденқызы,

«SENIM» Денсаулық сақтау жүйесі жұмыскерлерінің салалық кәсіптік одағы» РҚБ төрағасы Дюсенов Сапарбек Серікұлы.

Ақтөбе облысының әкімі Оразалин Оңдасын Сейілұлы құттықтау сөз сөйледі, Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар Федерациясының төрағасы Тоғжанов Ералы Лұқпанұлы, Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Қаракен Құралай Ануарқызы, Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрі Біртанов Елжан Амантайұлы және  Қазақстан Республикасының  еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің жауапты хатшысы Курмангалиева Аида Даденқызы сөз сөйледі.

Форумда делегаттар денсаулық сақтау саласындағы қол жеткізген жетістіктерімен, медицинадағы жаңашылдықтарымен сондай-ақ алдағы уақытта жүзеге асыратын мәселерімен пікір алмасып бөлісті. Форумда Республикалық жастар кеңесінің мүшесі Елдос Уахапұлы  өзінің бір жылда атқарылған жұмыстарын қысқаша баяндап өтті.

Орталық аппараттың төрағасы Сапарбек Серікұлы Дүйсенов барлық форумға қатысушы делегаттарды келе жатырған Жаңа-жыл мейрамымен құттықтап, «Senim» Денсаулық  сақтау  жүйесі  жұмыскерлерінің  салалық кәсіподағы Республикалық Қоғамдық Бірлестігінің «Кәсіподақ үздігі» төс белгісімен Атырау облыстық балалар ауруханасының  бастауыш кәсіподақ ұйымының төрағасы Хайров Ризабек Капсихұлы марапатталды.Сонымен қатар басқа да делегаттарға «Құрмет грамоталары» берілді.

Форумның екінші жартысында:

ҚР Денсаулық сақтау министрлігі мен ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі мүшелерінің қатысуымен «Азаматтық қоғамды дамытудағы кәсіподақтардың рөлі» тақырыбында дөңгелек үстел Модератор: Балпеисова Светлана Асылгерейқызы,

«Кәсіподақ көшбасшылығы   мектебі» тақырыбында   Республикалық семинар   Жастар қанатының отырысы  Модератор: Куртаева Алия Владимирқызы,

 «Денсаулық сақтау ұйымдарындағы парасаттылық қағидаттары» тақырыбында Республикалық семинар өтті Модератор: Омарова Ризагуль Мырзагалиқызы.

Барлық қатысушыларға СЕРТИФИКАТТАР берілді

Форум делегаттарының қатысуымен «SENIM» Денсаулық сақтау жүйесі жұмыскерлерінің  салалық кәсіптік одағы» РҚБ Орталық кеңесінің отырысы өтті.

I республикалық форумда медицина қызметкерлерінің мәселелерін көтеретін қарар қабылданды.